Введите номер документа
Прайс-лист

«Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген) (2017.15.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 23 августа 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 27 декабря 2018

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 23 тамыздағы

№ 1080 қаулысымен

бекітілген

 

 

Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(2017.15.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 56-бабына сәйкес әзірленген.

2. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдары білім беруді:

1) осы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;

2) үлгілік оқу жоспарларына;

3) Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен бекітілген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2017.15.08. № 484 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:

1) білімнің мазмұнына;

2) білім алушылардың оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;

3) білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайды.

4. Орта білім беру стандартында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес терминдер, анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады. Оларға қосымша мынадай терминдер және олардың анықтамалары енгізілді:

1) Білімнің базалық мазмұны - жалпы орта білім беретін ұйымдардың меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының құрамы мен көлемі;

2) Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компоненті - орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына енгізілген және жалпы орта білім беретін ұйымдарда оқытылатын міндетті пәндер жиынтығы.

3) Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті - білім алушылардың білімге деген қажеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, жалпы орта білім беретін ұйымдар анықтайтын оқу пәндері мен курстардың жиынтығы.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом