Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 961 Қаулысы (2012.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапонедельник, 23 июля 2012
Статус
Действующийвведен в действие с 23 июля 2012
Дата последнего измененияпонедельник, 9 января 2012

Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 961 Қаулысы

(2012.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

1) Жоспардың іс-шараларын мүлтіксіз және уақтылы орындауды, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;

2) белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі бір апта мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тиісті ұсыныстарды әзірлесін және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2012.13.12. № 1582 Қаулысымен іс-шаралар жоспары өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 23 шілдедегі

№ 961 қаулысымен

бекітілген

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом