Введите номер документа
Прайс-лист

«Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 31 августа 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 24 апреля 2014

ҚР Үкіметінің 2014.15.02. № 94 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1108 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Шитті мақта сапасы куәлігін беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті «ҚазАгрЭкс» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі - сараптамалық ұйым) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 10-бабының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, сараптамалық ұйымның www.kazagrex.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ сараптамалық ұйымдағы стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі шитті-мақта сапасы туралы қағаз тасығыштағы куәлік (бұдан әрі - куәлік) болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызмет алушы өтінім тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - бес жұмыс күнінен артық емес;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан артық емес;

3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек.

8. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами