Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1206 Қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 17 сентября 2012
Статус
Действующийвведен в действие с 17 сентября 2012
Дата последнего измененияпонедельник, 17 сентября 2012

«Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1206 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы»;

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) 2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы;»;

2, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысын бақылау жөніндегі жауапты мемлекеттік органдар ай сайынғы негiзде «Жобаларды басқарудың ақпараттық-талдамалық жүйесі» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - жобалық офис) толтыруды қамтамасыз етсін және жобалардың іске асырылу барысы туралы есептерді есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар және Экономикалық даму және сауда министрлiктерiне ұсынсын.»;

«4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тоқсан сайын есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне жобалардың iске асырылу барысының мониторингi бойынша ақпарат берсін.

5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк жүйесi базасында жобалық офистің техникалық жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн.

6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) жобалық офисті ақпараттық, әдiснамалық, талдамалық және бағдарламалық сүйемелдеудi қамтамасыз етсiн.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом