ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 154 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1151 қаулысымен
бекітілген
«Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - тіркеуші орган) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, 2717-кабинетте көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 111-бабының 6-тармағы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат тіркеуші органның интернет-ресурсында: www.mіnt.gov.kz, «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша тарату қорының қаражатын пайдалануға рұқсат беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей көрсетіледі;
2) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алған кезде құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу кезінде құжаттарды алудың рұқсат берілген ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспайды;
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.