Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа қоса беріліп отырған 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмнің нысаны;
2) осы бұйрыққа қоса беріліп отырған 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (А.Ж. Серіков) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 1 маусымдағы
№ 184 бұйрығымен
бекітілген 1-қосымша
Нысан
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiм
| 1. Инвестор туралы мәлiметтер | |
| 1 | Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы | |
| 2 | Заңды тұлғаны алғашқы мемлекеттiк тiркеу күнi және нөмiрi | |
| 3 | Заңды тұлғаның қайта тiркеуден өткені туралы ақпарат (күні, негізі) | |
| 4 | Орналасқан жері: заңды мекенжайы нақты орналасқан жерi | |
| |
| |
| 5 | БИН (СТН) | |