Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № А-10/437 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 5С-6-4 шешімі
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының елді мекендер аумағында, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.