Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулысымен бекітілген) (2013.21.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 13 сентября 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 3 июня 2014

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 13 қыркүйектегі

№ 1195 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

(2013.21.05. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган): Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 81-бабының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығымен бекітілген Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар қағидалары (бұдан әрі - Қағида) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz  мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны шетелдік тасымалдаушыны тіркеу туралы куәлікті (телнұсқасыны) беру не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға өтінімді тапсырған күннен бастап күнтізбелік 30 күн;

2) телнұсқаны беру мерзімі - күнтізбелік 10 күн;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом