Өнімнің каталогтау парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 320 Бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 291 Бұйрығымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының екінші бөлігі 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған каталогтау парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 320 бұйрығымен
бекітілді
нысан
Өнімнің каталог парағы
| 1. Өндіруші туралы мәліметтер |
| 1 | Ұйымның атауы | |
| 2 | Бірінші басшының Т.А.Ә. | |
| 3 | Лауазымы | |
| Заңды мекенжайы |
| 4 | Облыс | |
| 5 | Қала | |
| 6 | Елді мекені, басқалар | |
| 7 | Индексі | |
| 8 | Көшесі, үйі, кеңсесі | |
| 9 | Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің № | |
| 10 | БИН | |
| Негізгі мекенжайы |
| 11 | Облысы | |
| 12 | Қаласы | |
| 13 | Елді мекені, басқалар | |
| 14 | Индексі | |
| 15 | Көшесі, үйі, кеңсесі | |
| 16 | Телефоны (облыс кодын қоса) | |
| 17 | Факсы (облыс кодын қоса) | |
| 18 | Web-сайты | |
| 19 | Электронды мекенжайы | |
| 2. Өнім туралы мәліметтер |
| 20 | ЭҚТӨЖ туралы өнім коды (6 символ деңгейінде) | |
| 21 | МСЖ коды | |
| 22 | Өнімнің атауы | |
| 23 | Шығарылатын өнімнің суреттері | |
| 24 | Өнімнің қысқаша сипатталуы | |
| 25 | Өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын технология | |