«Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 418 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен 2018 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 117-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 26 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6352 болып тіркелген, 2010 жылғы 13 тамыздағы № 328-329 (26172) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаржылық есептілігінің нысандары:
1-нысан «Бухгалтерлік баланс», осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2-нысан «Қаржы қызмет нәтижелері туралы есеп», осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3-нысан «Қаржыландыру көздері (тікелей әдіс) бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп», осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4-нысан «Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп», осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5-нысан «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба», осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесінде:
7-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өлшем бірлігі» деректемесі» - мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінде мың теңгемен;»;
9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржылық есептілік қағаз тасығышта нөмірленген беттерімен және мазмұндалған кітапша түрінде және электрондық түрде ұсынылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: