Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.11.11 № 1321 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 Қаулысы

(2012.10.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етіп, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 2052 қаулысы.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом