Төтенше жағдайлар саласында бiлімді насихаттау, халықты және
мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 17 қаңтардағы № 50 қаулысы
(2008.18.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Төтенше жағдайлар саласында білімдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 50 қаулысымен
бекітілген
Төтенше жағдайлар саласында бiлімді насихаттау, халықты және
мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже төтенше жағдайлар саласында білімдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету тәртібін белгілейдi.
2. Төтенше жағдайлар саласында халықты хабардар ету
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ұйымдар қызметкерлерге және халыққа төтенше жағдайлардың туындау қаупi және туындауы туралы хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары жергiлiктi атқарушы органдармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара iс-әрекет жасай отырып, ведомствоға қарасты аумақтағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады және ол туралы халыққа хабарлайды.
4. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында ақпаратты лауазымды адамдардың жасырып қалуына, мезгiлiнде бермеуiне немесе көрiнеу жалған ақпарат ұсынуына жол берiлмейдi.