2012 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 1339 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 321 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштері осы қаулыға қосымшаға сәйкес түзетілсін.
2. «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«2012 жыл» деген бағанда:
«Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар» деген I бөлімде:
«Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» деген 9-функционалдық топта:
«233 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» деген жолдағы «1 989 869» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«047 Ядролық медицина және биофизика орталығын құру» бағдарламасындағы «1 410 600» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Ядролық медицина және биофизика орталығын құру» деген жолдағы «1 410 600» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«049 «Бурабай» геофизикалық обсерваториясын көшіру» бағдарламасындағы «579 269» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Бурабай» геофизикалық обсерваториясын жаңа жерге көшіру» деген жолдағы «579 269» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Бурабай» геофизикалық обсерваториясын жаңа жерге көшіру» 579 269 27 000 » деген жолдан кейін әкімшімен және мынадай мазмұндағы 007, 008 бағдарламалармен толықтырылсын:
«
| 697 | | | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі | 1 989 869 | | |
| | 007 | | Ядролық медицина және биофизика орталығын құру | 1 410 600 | | |
| | | | оның ішінде инвестициялық жобаларға: | | | |
| | | | Алматы қаласы | | | |
| | | | Ядролық медицина және биофизика орталығын құру | 1 410 600 | | |
| | 008 | | «Бурабай» геофизикалық обсерваториясын көшіру | 579 269 | | |