Электрондық құжат айналым ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысы
(2011.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.26.01. № 35 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2011.26.01. № 35 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Электрондық құжат айналым ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2008.22.10 № 978 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 35 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 17 сәуірдегі
№ 430 қаулысымен
Бекітілген
Электрондық құжат айналымы
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық құжат айналымы ережесі (бұдан әрі — Ереже) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және 2-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Ереже жеке немесе заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, электрондық құжат айналымы тәртібін айқындайды.
Ереженің қолданысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарға таралмайды.