Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын өңдеу
және тіркеу (қайта тіркеу) ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 298 Бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6 тармақшасына және 25-бабын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын өңдеу және тіркеу (қайта тіркеу) ережесі бекітілсін.
2. «Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын өңдеу және тіркеу (қайта тіркеу) ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 30 наурыздағы № 136, (2007 жылғы 26 сәуірдегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4636 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы сәуір-мамыр) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2010 жылғы
29 сәуірдегі № 298
бұйрығымен бекітілген
Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу)
ережесі
1. Жалпы ережелер