Введите номер документа
Прайс-лист

«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 Қаулысымен бекітілген) (2013.12.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 1 ноября 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 мая 2014

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2013.12.07. № 722 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 7 қарашадағы

№ 1392 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

(2013.12.07. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалдары (бұдан әрі - Кадастрды жүргізетін кәсіпорын) тарапынан және мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 3537 және 43-баптары негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет жөніндегі ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында;

2) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің www.kuzr.gov.kz  интернет-ресурсында;

3) Кадастрды жүргізетін кәсіпорындардың ғимараттарындағы стенділерінде;

4) Кадастрды жүргізетін кәсіпорынның www.aisgzk.kz  интернет-ресурсында;

5) орталықтың www.con.gov.kz  интернет-ресурсында;

6) орталықтың стенділерінде орналастырылған.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом