«Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1150 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 1447 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1150 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 568-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 37, 44, 51, 210, 262-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «бекітілсін.» деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидалары;
5) Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.».
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 қарашадағы
№ 1447 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген
Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және