«Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын және нысанды киім (погонсыз) үлгілерін бекіту туралы» және «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 304-Ө бұйрығы
(2022.10.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 775 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 116-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн;
2) Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын;
3) Нысанды киім (погонсыз) үлгілері бекітілсін.
2. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022.10.03. № 74 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Энергетика министрінің 2015.21.12. № 731 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.05.02. № 38 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тізбе жаңа редакцияда; ҚР Энергетика министрінің 2017.17.03. № 97 бұйрығымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)