Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 4/945 Қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/496 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 5 бабының 4) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары C. Сейдумановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |
Алматы қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 6 қарашадағы
№ 4/945 қаулысына қосымша
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
| № | Аудан | Кітап дүкендерінің атауы | Мекенжайы |
| 1. | Алмалы ауданы | «Джагамбек и С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Гулянда» кітаптар үйі | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 111 |
| «Джагамбек и С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Гулянда» кітаптар үйі | Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 112 үй |