Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1496 Қаулысы (2015.04.09. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 26 ноября 2012
Статус
Действующийвведен в действие с 26 ноября 2012
Дата последнего изменениясреда, 30 сентября 2015

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1496 Қаулысы

(2015.04.09. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарының аумағында жалпы алаңы 489766 гектар, оның ішінде республикалық маңызы бар Сарықопа мемлекеттік табиғи қаумалы аумағын енгізіп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

2. Осы қаулыға қосымша сәйкес жалпы алаңы 489766 гектар, оның ішінде Қостанай облысының Амангелді ауданының аумағында - 133987 гектар және Қостанай облысының Жангелдин ауданының аумағында - 355779 гектар жер учаскелері тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемеге берілсін.

Көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын.

3. Қостанай облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме жерлері төңірегінде күзет аймағын белгілеп, осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге келеңсіз әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектесін.

4. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетін сома есебінен және шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 26 қарашадағы

№ 1496 қаулысына

қосымша

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом