ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2012 жылғы 6 тамыздағы
№ 349 бұйрығымен бекітілген
Стационарлы, контейнерлі және жылжымалы көлікке жанар май құятын станцияларға қойылатын
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
Мазмұны
1. Жалпы ережелер
1. Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар стационарлы, контейнерлі және көлікке жанар май құятын станцияларға (бұдан әрі — КЖҚС) таралады.
2. КЖҚС техникалық басқарушысы:
апатты жою жоспарын;
өндірістік бақылау ережелерін;
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қaуіпciздігі туралы» Заңына сәйкес КЖҚС пайдaлану бойынша технологиялық регламентті жасайды және бекітеді.
Технологиялық регламент — өндіріс тәсілдерін, технологиялық нормативтерді, техникалық құралдарды, шарттарды және технологиялық процессті жүргізу тәртібін орнататын, стандарттардың тaлаптарын жауап беретін сапа көрсеткіштерімен дайын өнімді алуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жұмысты жүргізу қауіпсіздігін және өндірістің оңтайлы техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуін орнататын кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.
3. КЖҚС аумағындағы ғимараттар, құрылыстар, қызмет көрсету бөлмелерінің құрамы жоба құжаттамасында бepiлeді.