Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 12 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы қаңтардың бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 25 маусымдағы
№ 303 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Пайдаланушыларға оларды ұсыну мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасаудың және ұсынудың көлемі, нысандары, мерзімділігі, мерзімдері мен тәртібі осы Ережемен белгіленеді.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Ережеде белгіленген көлемде және нысандар бойынша жылдық, тоқсандық есептілікті құрастырады.
3. Осы Ережеде мынадай негізгі түсініктер қолданылады:
бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шоғырландырылған қаржы есептілігі - бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің және оның ведомствосындағы мемлекеттік мекемелердің бірыңғай экономикалық ұйымның қаржы есептілігі ретінде ұсынған жеке қаржы есептілігінің жиынтығы;