«2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 109-315 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 109-1667 Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 09-76 Қаулысымен күші жойылды
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы 28-бабының 1-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 109-315 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 3 сәуірде № 717 болып тіркелген; 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 38 «Астана ақшамы» газетінде және 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 41 «Вечерняя Астана» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға 1-8-қосымшалар осы қаулыға 1-8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, кейіннен Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«Астана қаласының қорғаныс
істері жөніндегі департаменті»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
М. Таласов
2012 жылғы 8 қараша
Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 8 қарашадағы
№ 109-1667 қаулысына
1-қосымша
Астана қаласы әкімдігінің