Введите номер документа
Прайс-лист

«Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекiтiлген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 30 ноября 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 мая 2014

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы 30 қарашадағы

№ 1519 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

«Салық төлеушілерді тіркеу»
 мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - Орталық), сондай-ақ алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болуы шартымен www.e.gov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына560 - 564-баптарына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 46 - 47-баптарына, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес көрсетіледі.

4) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.salyk.kz, «Салықтық қызметтер» бөлімі);

2) порталда;

3) Орталықтың стенділерінде орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтарының (8 (7172) 58-09-09) және (1414) телефондары арқылы да беріледі.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) Орталықта -

салық төлеуші туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі - СТМДҚ) енгізу кезінде - 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін (бұдан әрі - СТН) беру және Салық төлеушінің куәлігін (бұдан әрі - куәлік) беру;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом