ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 30 қарашадағы
№ 1519 қаулысымен
бекiтiлген
«Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі»
мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
«Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына, 574-576-баптарына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.salyk.kz, «Салықтық қызметтер» бөлімі);
2) Орталықтың стенділерінде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Call-орталықтың (8 (7172) 58-09-09) телефоны арқылы да берілуі мүмкін.
5. Орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тіркеу карточкасын беру, жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi - жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі.
7. Орталықта мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) есепке қою, салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәліметтер өзгерту немесе толықтыру, тіркеу карточкасын ауыстыру - алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде;