Введите номер документа
Прайс-лист

«Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі» мемлекеттiк қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекiтiлген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 30 ноября 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 мая 2014

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы 30 қарашадағы

№ 1519 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

«Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі»
мемлекеттiк қызмет стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

«Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз

 

1. «Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына, 565 - 567-баптарына және «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 2, 6-тарауларына және Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында жасалған «Бiр мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтарының құқықтық мәртебесi туралы» 1998 жылғы 28 сәуірдегі Шартқа (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 20-ІІ Заңында ратификацияланған) сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.salyk.kz, «Салықтық қызметтер» бөлімі);

2) Орталықтың стенділерінде орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Call-орталықтың (8 (7172) 58-09-09) телефоны арқылы да берілуі мүмкін.

5. Орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) дара кәсіпкер (бұдан әрі - ДК) ретінде тіркеу есебіне қойған және ДК куәлігінде (бұдан әрі - ДК куәлігі) көрсетілген тіркеу деректері өзгертілген кезде - ДК-ді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом