Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекiтiлген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 30 ноября 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 мая 2014

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы 30 қарашадағы

№ 1519 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз

 

1. «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына, 13-баптың 1-тармағы 8) тармақшасына және 220-бабына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.salyk.kz, «Салықтық қызметтер» бөлімі);

2) Орталықтың стенділерінде орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Call-орталықтың (8 (7172) 58-09-09) телефоны арқылы да берілуі мүмкін.

5. Орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама (бұдан әрі - Анықтама) беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы Орталықтың уәжделген жауабы болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының резидент еместеріне (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі.

7. Орталықта мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом