Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 468 бұйрығы
(2013.27.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2013.27.08. № 406 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдарында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Арнаулы атақтар мен оларға сәйкес шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымдар санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндері;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкерін көтермелеу түрлерін қолдану және Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкеріне кезектен тыс арнайы атақтарды беру қағидасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органының қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидасы мен шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (М.Т. Есенбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
ҚР Қаржы министрінің 2013.27.08. № 406 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 23 қазандағы