Введите номер документа
Прайс-лист

«Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1635 Қаулысы (2013.25.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 20 декабря 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 23 ноября 2015

Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1635 Қаулысы

(2013.25.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 852 Қаулысымен күші жойылды

 

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары астық қолхаттарын бере отырып қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.

3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 33, 365-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 және «Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 213 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 428-құжат).

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом