Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1564 Қаулысы
(2017.18.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 195 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 679 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 679 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 679 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1564 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 679 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген
санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 679 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен бейбіт уақытта қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2017.18.02. № 80 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)