«Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1712 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 238 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 74-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1712 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1391 қаулысымен
бекітілген
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы
1. Осы Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін белгілейді.
2. Прокаттау куәлігі фестивальдарда, семинарларда, ретроспективада және басқа да іс-шараларда демонстрациялау үшін әкелінетін (жеткізілген), сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның кинематографиялық ұйымдары шығарған фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында шығарылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдерге беріледі.