ҚР Әділет министрінің 2014.30.01. № 36 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 390 бұйрығына
1-қосымша
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі - регламент) 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
2. «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін аумақтық әділет органдары (әрі қарай - уәкілетті органдар) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) көрсетіледі, олардың мекенжайлары стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама алу немесе қайталама куәлік алуға электрондық өтініш беруге қатысты өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (әрі қарай - портал) арқылы көрсетіледі.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қайталама куәлікті қағаз тасығышта немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтаманы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында, немесе қағаз тасығышта не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы электрондық құжат нысанында дәлелді жауап болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіне енгізілген мемлекеттік органдар мен өзге субъектілердің тізімі:
1) Орталық - құжаттарды қабылдау және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер беру;
2) уәкілетті орган - құжаттарды өңдеу.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар
6. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері стандарттың 7-тармағында көрсетілген.