Алатау ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын орнату туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 4 шілдедегі № 3/490 бірлескен қаулысы және
ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 109 шешімі
Осы редакция 2012 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 2 бабы және 13 бабы 3 тармағына сәйкес, тиісті аумақтағы халықтың пікірін есепке ала отырып, Алматы қаласы әкімдігі бірлесіп ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласында Алатау ауданы құрылсын.
2. Алматы қаласының схемалық картасына (1 қосымша) және оның әкімшілік аудандарының шекараларының сипаттамасына (2 қосымша) сәйкес Алматы қаласының әкімшілік аудандарының шекаралары орнатылсын.
3. Алматы қаласының әкімі осы нормативті құқықтық актіні жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы нормативті құқықтық актінің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М.Ш. Мұқашевқа және заңдылық, құқық тәртібі, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға
(Б.С. Манзоров) жүктелсін.
5. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |
| ІV сайланған Алматы қаласы мәслихат ХІ сессиясыныңтөрағасы | Т. Есполов |
| ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы | Т. Мұқашев |
Алматы қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 4 шілдедегі
№ 3/490 бірлескен қаулысына
және IV сайланған Алматы
қаласы мәслихаты XI сессиясының
2008 жылғы 2 шілдедегі
№ 109 шешіміне
1 қосымша
Алматы қаласының әкімшілік аудандарының
шекараларының сипаттамасы (схемалық картасы)
Алматы қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 4 шілдедегі
№ 3/490 бірлескен қаулысына
және IV сайланған Алматы