Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 233 бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 16)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау ережесі бекітілсін.
2. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 қарашадағы «Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеу ережесін бекіту туралы» № 106-п бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3245 болып тіркелген, жариялануы: Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2005 ж. № 1 нөмірімен жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2004 жылғы 18 қарашадағы «Жануарлар дүниесін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеу ережесін бекіту туралы» № 245 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3256 болып тіркелген, «Құқықтық газетте» 2005 ж. 7 қазанында № 185-186 (919-920) нөмірімен жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 6 сәуірдегі
№ 233 бұйрығымен бекітілген
Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындаудың
ережесі
1. Жалпы ережелер