«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1798 Қаулысы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына және «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 243-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістері» деген 2-бөлім осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлім осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлім осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1798 қаулысынa
1-қосымша
2. Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістері
1-стратегиялық бағыт. Мұнай саласын серпінді дамыту
Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері
Көмірсутек шикізатының қорлары