Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша Үйлестіру штабының құрамында Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін тұрақтандыру жөнінде экономикалық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 31 бұйрығы
(2013.28.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 230 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 23-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша Үйлестіру штабының құрамында Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін тұрақтандыру жөнінде экономикалық кеңес (бұдан әрі - Экономикалық кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Экономикалық кеңестің құрамы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Экономикалық кеңес туралы ереже бекітілсін.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013.28.02. № 113 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012.25.09. № 655 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2013.28.02. № 113 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 31 бұйрығына 1-қосымша
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу бойынша Үйлестіру штабының құрамында мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық - шаруашылық қызметін тұрақтандыру жөніндегі
экономикалық кеңестің құрамы