Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 мамырдағы № 149 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттері бекітілсін:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына (7 жасқа) дейінгі балаларды тіркеу»;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Мұрағаттық анықтамалар беру»;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу»;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Н.Әлиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | А.Мырзахметов |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрі
_______________ А.Жұмағалиев
«____»________________2012 жыл
| Облыс әкімінің бірінші орынбасары | Б. Оспанов |
| Облыс әкімі аппаратының басшысы | Б. Жылқышиев |
| Облыс әкімінің орынбасары | Б. Әлиев |
| Облыс әкімінің орынбасары | Ә. Бектаев |
| Облыс әкімінің орынбасары | С. Қаныбеков |
| Облыс әкімінің орынбасары | С. Тұяқбаев |
| Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы | Е. Садыр |
| Облыстық қаржы басқармасының бастығы | Р. Исаева |
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2012 жылғы 23 мамырдағы
№ 149 қаулысына 1-қосымша
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына (7 жасқа) дейінгі балаларды тіркеу»
электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелері