Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2012 жылғы 23 мамырдағы
№ 149 қаулысына 2-қосымша
«Мұрағаттық анықтамалар беру»
электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
Осы редакция 2012 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Жалпы ережелер
1. «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметі мекен-жайы осы регламенттің (бұдан әрі-Регламент) 1-қосымшасында көрсетілген, Шымкент қалалық мұрағаты мемлекеттік мекемесі бөлімімен (бұдан әрі - уәкілетті орган), осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес тұрғылықты жері бойынша баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және «электрондық үкімет» порталы www.e-gov.kz (бұдан әрі-Портал) арқылы көрсетіледі.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі стандартының негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандырылған денгейі: жартылай автоматтандырылған (медиа үзілуден тұратын электронды мемлекеттік қызмет).
4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі:транзакциалық.
5. Регламентте қолданылатын ұғымдар және қысқартулар:
1) «электрондық үкімет» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса, барлық шоғырланған үкіметтік ақпараттарға және электрондық мемлекеттік қызметтерге, бірыңғай колжетімділікті ұсынатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі-ЭҮП);
2) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - ЖСН);