Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 Қаулысы
(2015.26.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 592 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. ҚР Үкіметінің 2015.26.02. № 94 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 қаңтардағы
№ 71 қаулысымен
бекітілген
Медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесі
| Р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Біліктілік талаптарын растайтын құжаттар | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Медициналық қызмет үшін |
| 1 | меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимарат | үй-жайға немесе ғимаратқа меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) | |