«Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 404 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығымен күші жойылды
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6755 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 16 сәуірдегі № 129-130 (26550-26551) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарының № 42 қосымшасы осы бұйрыққа сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 404 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 20 қаңтардағы
№ 18 бұйрығына
42-қосымша
Нысан
Мүлікке салынған тыйымды алып тастау туралы
ҚАУЛЫ
20_ ж. «____» ________ | _____________________________________ |
| (қаланың, ауданның атауы) |
_________________________________________________________________________________________________________
(жеке сот орындаушысы қызметі аумағының атауы)