Пруденциалдық нормативтерді және микроқаржы ұйымының сақтауы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандарын және мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 382 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 148 Қаулысымен күші жойылды
«Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Пруденциалдық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы міндетті басқа да нормалар мен лимиттер және оларды есептеу әдістемесі, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандары және мерзімдері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 382 қаулысымен
бекітілген
Пруденциалдық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы міндетті басқа да нормалар мен лимиттер және оларды есептеу
әдістемесі, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің
нысандары және мерзімдерi
Осы Пруденциалдық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы міндетті басқа да нормалар мен лимиттер және оларды есептеу әдістемесі, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандары және мерзімдері (бұдан әрі - Пруденциалдық нормативтер) «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Пруденциалдық нормативтерді және микроқаржы ұйымының сақтауы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандарын және мерзімдерін белгілейді.
Заңға сәйкес Пруденциалдық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің құрамына: