ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 163 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің м.а.
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 586 бұйрығына 4-қосымша
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекітілген «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.
2. Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланады:
1) алушы - жеке немесе заңды тұлға;
2) «Е-тіркеу» АЖ - «Е-тіркеу» ақпараттық жүйесі;
3) Енгізу регламенті - ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 423 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің «БСАЖ», «СЕӨЖ», «Акциз» ақпараттық жүйелеріне енгізу және өңдеу регламенті;
4) құрылымдық-функциональдық бірліктер - мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлғалар.
3. «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - Орталық), Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына, 572, 573-баптарына сәйкес көрсетіледі.