Введите номер документа
Прайс-лист

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттiк қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекiтiлген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 30 ноября 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 мая 2014

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы 30 қарашадағы

№ 1519 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі»
мемлекеттiк қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз

 

1. «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына572573-баптарына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.salyk.kz, «Салықтық қызметтер» бөлімі);

2) Орталықтың стенділерінде орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Call-орталықтың (8 (7172) 58-09-09) телефоны арқылы да берілуі мүмкін.

5. Орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Электрондық құжаттармен алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді (бұдан әрі - келісім) және электрондық цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ) тұратын кiлтi бар контейнерлi ақпаратты электрондық тасығышты беру, келісімді қайта ресімдеу, ЭЦҚ ауыстыру немесе жою болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет салық төлеуші ретінде тіркеуден өткен жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және олардың құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі.

7. Орталықта мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою, келісімді қайта ресімдеу - алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды берген күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом