ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 163 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің м.а.
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 586 бұйрығына 7-қосымша
«Салықтық резиденттілікті растау»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Салықтық резиденттілікті растау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекітілген «Салықтық резиденттілікті растау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.
2. Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланады:
1) алушы - жеке немесе заңды тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті);
2) БСАЖ - біріктірілген салық ақпараттық жүйесі;
3) Енгізу регламенті - ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 423 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің «БСАЖ», «СЕӨЖ», «Акциз» ақпараттық жүйелеріне енгізу және өңдеу регламенті;
4) «Құжат айналымы» АЖ - кіріс және шығыс құжаттарын тіркеуге арналған салық қызметі органдарының ақпараттық жүйесі;
5) құрылымдық-функциональдық бірліктер - мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлғалар.
3. «Салықтық резиденттілікті растау» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департтаменттерінде (бұдан әрі - салық департаменті) Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.