Введите номер документа
Прайс-лист

«Салық резиденттігін растау» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекiтiлген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 30 ноября 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 мая 2014

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы 30 қарашадағы

№ 1519 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

«Салық резиденттігін растау»
мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

«Салықтық резиденттілікті растау» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз

 

1. «Салық резиденттігін растау» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттерінде (бұдан әрі - салық департаменті) Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына225-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттер арасында жасалған қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенциялардың ережелеріне сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:

1) уәкілетті органның интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.salyk.kz, «Салықтық қызметтер» бөлімі);

2) салық департаментінің стенділерінде орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтарының (8 (7172) 58-09-09) телефоны арқылы да беріледі.

5. Салық департаментінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі белгілеген нысанда резиденттігін растайтын құжатты беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы резиденттеріне (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі.

7. Салық департаментінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) резинденттікті растайтын құжатты беру - алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды берген күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде;

2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;

3) алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом