Сот-медицина сараптамасы міндетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауынан Қазақстан Республикасы Әділет министрілігіне беру мәселесі бойынша жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 16 бірлескен бұйрығы
(2014.29.05. берілген өзгерістермен)
Сот-медицина сараптамасы міндетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне беру мәселесі бойынша ұсыныстарды жасау, сонымен қатар тиісті құжаттарды дайындау мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес сот-медицина сараптамасы міндетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне беру мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылсын.
ҚР Әділет министрінің 2014.28.05. № 182 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2014.29.05. № 287 бірлескен бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жұмыс тобы Бұйрық пен Жоспарды іске асыру бойынша есепті ай сайын тапсырып отырсын.
ҚР Әділет министрінің 2014.28.05. № 182 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2014.29.05. № 287 бірлескен бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Байжүнісов Ерік Әбенұлына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі Б. Имашев | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова |
ҚР Әділет министрінің 2014.28.05. № 182 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2014.29.05. № 287 бірлескен бұйрығымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 11 қаңтардағы
және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 11 қаңтардағы