2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-2 шешімі
Осы редакция 2013 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңы негізінде, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 116 625 018 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 13 268 054 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 450 397 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 2 506 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 102 904 061 мың теңге;
2) шығындар - 116 665 403 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 441 234 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 035 386 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 594 152 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - - 481 619 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 481 619 мың теңге.
2. Облыстық бюджетке, аудандар және Көкшетау мен Степногорск қалаларының бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін:
1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;
2) облыстық бюджетке төлем көзінен салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы - 100%;
3) аудандар және Көкшетау мен Степногорск қалаларының бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша - 100%.
3. 2013 жылға арналған облыстық бюджетте Көкшетау қаласының бюджетінен 1 430 834 мың теңге сомасында бюджеттік алып қоюлардың қарастырылғаны ескерілсін.