Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ 2011.12.09 № 84 БҰЙРЫҒЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

«Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қарауы туралы» № 2-ЗС нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 84 бұйрығы

(2011.14.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қылмыстар, оқиғалар жөніндегі тіркелген өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпараттар, олардың қаралу нәтижелері және солар бойынша қабылданған шешімдер туралы есептілікті одан әрі жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қарауы туралы» № 2-ЗС нысанды есеп;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қарауы туралы» № 2-ЗС нысанды есептің құрылуы жөніндегі Нұсқаулық.

2. «Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштер мен хабарламаларды қарауы туралы» № 2-ЗС нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 17 маусымдағы № 34 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6343 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне орындау үшін жолдасын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом