2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 шешімі
Осы редакция 2013 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы № 54-V Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 94 599 692 мың теңге, оның ішінде
салықтық түсімдер бойынша - 47 120 662 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 62 614 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 12 977 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 47 403 439 мың теңге;
2) шығындар - 93 800 542 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 3 094 487 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 3 355 265 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 260 778 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 790 150 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 790 150 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 3 085 487 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 085 487 мың теңге.
2. 2013 жылға қалалар мен аудандардың бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері мына мөлшерде белгіленсін:
1) Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы:
Бейнеу ауданына - 100 пайыз;
Қарақия ауданына - 0 пайыз;
Маңғыстау ауданына - 12,4 пайыз;
Түпқараған ауданына - 35,8 пайыз;
Мұнайлы ауданына - 100 пайыз;
Ақтау қаласына - 13,8 пайыз;
Жаңаөзен қаласына - 40,2 пайыз;
2) Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы:
Бейнеу ауданына - 100 пайыз;
Қарақия ауданына - 0 пайыз;
Маңғыстау ауданына - 100 пайыз;
Түпқараған ауданына - 100 пайыз;
Мұнайлы ауданына - 62,3 пайыз;