Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай үлесті, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 140 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтті
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы 44-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай үлесті, жәрдемақылар мен басқа төлемдерді төлеу қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне және олардың отбасы мүшелеріне ақшалай жабдықталым, өтемақылармен жәрдемақылар төлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 236 қбпү бұйрығының күші жойылсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 140 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай үлесті, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер